419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлемнің әр бесінші тұрғыны қатерлі ісікке шалдыққан

  • 282
  • UPD: 09:22, 04.02.2021
Әлемнің әр бесінші тұрғыны қатерлі ісікке шалдыққан

4 ақпан – Қатерлі іскке қарсы күрестің Дүниежүзілік күні.

Бұл дата алғаш 2000 жылы обырға қарсы бүкіләлемдік конференция барысында бекітілген. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, әлемнің әр бесінші тұрғыны осы қатерлі ісікке шалдыққан. Онкологиялық аурулардан қайтыс болғандардың 70 проценті – табысы төмен және орташа деңгейлі елдердің азаматтары. Былтыр әлемде 19 миллионнан астам адам қатерлі ісікке шалдығып, 10 миллион тұрғын қайтыс болған. Сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшыларының мәлімдеуінше, онкологиялық кеселдерден көз жұмған балалар мен жасөспірімдер қатары көбейген. Жыл сайын қатерлі ісік 400 мың баладан анықталады екен.

Хабар 24 телеарнасы