Тұман, көктайғақ: бірқатар өңірде ескерту жарияланды

Қазгидромет 6-9 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады.

6-9 ақпанда Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман болады. 8-9 ақпанда кей жерлерде жаяу бұрқасын болуы ықтимал. 7-9 ақпанда кей жерлерде көктайғақ болып, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, 7-8 ақпанда желдің екпіні – 23-28 м/с болады. 6-9 ақпанда Тараз қаласында кей уақытта тұман түседі. 7-9 ақпанда кей уақытта көктайғақ болады. 7-8 ақпанда оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с болмақ.

6 ақпанда Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түседі, таңертең және күндіз оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с болады. Шымкент қаласында 6 ақпанда күндіз оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. 6 ақпанда Түркістан қаласында күндіз оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.

6 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жаууы ықтимал. Кей жерлерде жаяу бұрқасын болып, тұман түседі, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз Жарма ауданында желдің екпіні – 23-28 м/с болады. 6 ақпанда Өскемен қаласында жаяу бұрқасын, көктайғақ болуы мүмкін. Күндіз оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы –15-18 м/с болады. 6 ақпанда Семей қаласында жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғатын желдің екпіні – 15-18 м/с болады.

6 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с болады. 6 ақпанда Қызылорда қаласында кей уақытта тұман түседі. Жел оңтүстік шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні – 15-20 м/с болады.

Сондай-ақ...