Президент: Мұқағали поэзиясы – күллі қазақтың болмыс-бітімі

Мұқағали Мақатаевтың мерейтойы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Tоқаев Тwitter парақшасында жазды.

«Бүгін – ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл. Мұқағали поэзиясы – күллі қазақтың болмыс-бітімі. Оның сырлы сезімге толы жырлары қалың оқырманның жүрегінен орын алды.

Ақын мерейтойы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. Бұл – әр қазақтың шаңырағындағы мерейлі той», - деп жазды Президент.