Алдағы күндері ауа райы қандай болады

Алдағы күндері ауа райы қандай болады
Униан

Қазақстан бойынша 2021 жылғы 11-13 ақпанға арналған ауа райы болжамы жарияланды.

Қазгидромет мәліметінше, алдағы үш күн бойы Қазақстандағы синоптикалық жағдайды екі барикалық құрылымдар анықтайтын болады. Республиканың шығысына қарай жылжитын суық антициклон, мұнда температура 28-33 аязға дейін төмендейді. Ал батыс өңірлерге Балқан циклоны әсер етеді, ол жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын әкеледі. Көктайғақ, тұман, сондай-ақ ауа температурасының көтерілуі күтіледі.