COVID-19-ға қарсы вакцина салдырғандарға маска тақпай жүруге рұқсат етіле ме

Коронавирусқа қарсы вакцина салдырған қазақстандықтарға маскасыз жүруге рұқсат етіле ме?

Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният жауап берді.

«Халық арасында ұжымдық иммунитет қалыптаспайынша, яғни халықтың 60 проценттен астамы коронавирусқа қарсы вакцина салдырмайынша масканы шешуге болмайды», – деді вице-министр.

Ал денсаулық сақтау министрі Алексей Цой осы уақытқа дейін 13 мың медицина қызметкері вакцина салдырғанын айтты

«10 ақпандағы жағдай бойынша 13 301 медицина қызметкері екпе алды. Вакцинация барлық өңірде жүруде, 778 егу пункті ашылды, олардың 166-сы қазір іске қосылды, барлығы тоңазытқышпен қамтамасыз етілген. 9 мыңнан астам медицина қызметкері оқытылды», – деді министр.

Сондай-ақ министр отандық Qaz Covid-in вакцинасын алғашқылардың бірі болып салдыратынын да алға тартты. Цойдың айтуынша, отандық вакцинаға қызығушылық танытып отырған елдер де жоқ емес.

«Мен денсаулық сақтау министрі ретінде қазақстандық вакцинаны қолдағым келеді. Екпе ресми түрде шыққан кезде алғашқылардың бірі болып осы вакцинаны салдырамын», – деді А.Цой.

Сондай-ақ...