Қазақстанда 1 қыркүйекте онлайн санақ басталады

Бірінші қыркүйекте қазақстандықтар арасында онлайн санақ жүргізу басталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Науқан бір жарым айға жалғасады. Тізімде бар-жоғын анықтау үшін азаматтар sanaq.gov.kz сайтына тіркелу қажет. Онлайн платформа тәулік бойы жұмыс істейді. Әрбір азамат өзінің және отбасының атынан тіркеу парақшасын толтыруға құқылы. Ал тізімде жоқтарды мамандар қазан айында үй-үйді аралап тіркейтін болады.