419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Тұман, көктайғақ: бірқатар облыста дауылды ескерту жарияланды

  • 344
  • UPD: 18:33, 14.02.2021
Тұман, көктайғақ: бірқатар облыста дауылды ескерту жарияланды

15 ақпанда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қ. 15 ақпанда жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, түнде екпіні 15 м/с күтіледі.

15 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Қызылорда қаласында 15 ақпанда тұман күтіледі.

15 ақпанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Түнде облыстың шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с. Оралда 15 ақпан түнде және таңертең тұман күтіледі.

15 ақпанда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Қостанай қаласында күндіз 15 ақпанда жаяу бұрқасын күтіледі.

Күндіз 15 акпанда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар күтіледі. Кей жерлерде жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с күтіледі. Петропавл қ: 15 ақпанда жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі.

15 ақпанда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Қарағанды қаласында 15 ақпанда түнде тұман күтіледі.

15-17 ақпанда Жамбыл облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Таразда 15-17 ақпанда кей уақытта тұман күтіледі.

Хабар 24 телеарнасы