Жаңатаста пәтердегі өрттен балалар қаза тапты

Жаңатаста көп қабатты үйдегі өрттен бес бала қаза тапты.

Ақпаратқа сәйкес, балалар үйде жалғыз өзі болған. Бұл туралы Жамбыл облысы ТЖД Бас маманы Сәуле Мұнатаева хабарлады.

Қазіргі уақытта мамандар пәтерде өрттің шығу себебін анықтап жатыр.