COVID-19: Қазақстанның барлық өңірі «қызыл» аймақтан шықты

20 ақпандағы Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, коронавирустың таралуы бойынша барлық өңір «қызыл» аймақтан шықты.

Павлодар облысы «қызыл» аймақтан «сарыға» ауысты.⠀

«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары.

Қалған барлық өңір «жасыл» аймақта.