Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңатас қаласында қаза болған балалардың ата-анасына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңатас қаласында өрт салдарынан қаза тапқан баллардың ата-анасына көңіл айту жеделхатын жолдады.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Мемлекет басшысы Әбдімәліковтер отбасының қайғыларын бөлісіп, қаза болған балалардың ата-аналары мен туыстарына жұбату лебізін білдірді. Президент бұл жағдайды бір ғана отбасының емес, бүкіл еліміздің басына түскен трагедия деп санайды. Ол балалардың ата-аналарына жан-жақты көмек көрсетуді тапсырды. Мемлекет басшысының көңіл айту жеделхатын Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жеткізді» , - деп жазды Берік Уәли.