Екінші рет екпе алған Бас санитар мен денсаулық сақтау вице-министрі сұхбат берді

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов пен денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният коронавирусқа қарсы вакцинаны екінші рет алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған байланысты қазір брифинг өтуде. Бақыт Топтаева сол жерден тікелей эфирге қосылуға дайын.

Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов пен Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният коронавирус инфекциясына қарсы «Спутник V» вакцинасының екінші дозасын салдырды.

Вице-министрлер вакцинаның бірінші, екінші дозасын да Нұр-Сұлтандағы №6 қалалық емханада салдырды. Е.Қиясов пен А.Ғиният өздерін жақсы сезінетіндерін жеткізді. Вакцинация алгоритмі бойынша олар 30 минут медициналық бақылауда болды.

ҚР Бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов екі дозалы вакцинаның толық курсын алғаннан кейін, ол өзін коронавирус инфекциясынан толық қорғалғанын атап өтті. Ол профилактикалық егудің мақсаты ұжымдық иммунитет қалыптастыру екенін еске салды.

Естеріңізге сала кетейік, денсаулық сақтау вице-министрлері 2021 жылдың 1 ақпанында «Спутник V» вакцинасын алғашқылардың бірі болып қабылдады.

Сондай-ақ...