Қырғызстан Президенті елімізге мемлекеттік сапармен келді

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров елімізге мемлекеттік сапармен келді.

Бұл көрші ел басшысының президент болғалы Қазақстанға жасап отырған алғашқы сапары. Бұған дейін Садыр Жапаров мемлекеттік сапармен Ресейге барған болатын. Ол кезде Ресей Президенті Владимир Путинмен кездесіп, екі жақты қарым-қатынастың өзекті мәселелерін талқылаған еді.