Мемлекет басшысы Қырғызстан Президентімен шағын құрамда келіссөз өткізді

Елімізге алғашқы мемлекеттік сапармен келген Садыр Жапаров бұдан соң Қазақ елінің Президентімен екі жақты кездесу өткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев сапардың аса маңызды екенін атап өтті.

«Бұл Қазақстанға деген үлкен құрмет. Сапарыңыздың ролі, мағынасы айрықша деп айтуға болады», - деді Президент.

«Бұл сапардың бағдарламасы ауқымды. Сондықтан біз бүгін ең өзекті мәселелер бойынша пікір алмасамыз. Екі халықтың мүддесіне сай тиісті келісімдерге қол жеткіземіз деп ойламын», – деді Мемлекет басшысы. Ал өз кезегінде Садыр Жапаров «Мен қазақпын, қырғыз ол туысқаным» деген Жұбан Молдағалиевтің сөзін тілге тиек ете сөйледі. 

«Қазақ-қырғыз арасында бұрыннан бекіген берік достық бар. Мұны да Қасым-Жомарт Тоқаев қаперге салды. Сондықтан арадағы осынау ғасырлық байланыс алдағы уақытта жаңаша серпінмен дамуы керек» деп түйді Президент.