429,68 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада вирустың таралу қарқыны бәсеңдеген

  • 360
  • UPD: 11:32, 03.03.2021
Елордада вирустың таралу қарқыны бәсеңдеген

Елордада вирустың таралу қарқыны бәсеңдеген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаңтармен салыстырғанда көрсеткіш 33 процентке төмен. Қаланың бас санитар дәрігері Сархат Бейсенова осылай деді. Науқастардың орташа жасы 30 бен 39 аралығында. Олардың дені – жұмыс істейтіндер. Демек ұжымдарда санитарлық талаптар тиісті деңгейде сақтала бермейді дейді маман. Сондай-ақ жасы 50-ден асқан тұрғындар індет ілмегіне жиі ілінетін көрінеді. Жыл басынан көрсеткіш үш жарым есе өскен. Оқу басталғалы мыңнан астам елордалық оқушы вирус жұқтырды. Әсіресе қашықтан білім алып жатқан балалар арасында дерт жиі анықталған. Қазір қалада қауіпті кеселдің 863 ошағы бар. Бұл аймақтарда 2 мыңнан астам адам оқшауланды.

Хабар 24 телеарнасы