429,76 515.14 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында көкөніс егу науқаны басталды

  • 410
  • UPD: 11:34, 05.03.2021

Қыстың соңғы күндерінен бастап Түркістан облысының оңтүстік аудандарында ерте пісетін көкөніс егу науқаны басталды. Қазірдің өзінде жер емген диқандар 9 мың гектар алқапқа жүгері, жоңышқа, картоп пен бақша дақылдарын егіп үлгерген. Ал Жетісай мен Мақтааралдық шаруалар қырыққабат көшетін пленка астына қаңтардың ортасынада отырғызды. Демек, ерте піскен өнім қымбатқа саудаланады. Екіншіден, мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек те ауқымды.

Биыл Сарыағаштық диқан Қасым Асанов 3 гектар жерге қырыққабаттың ерте пісетін көшетін отырғызған. Пайдасы мол болған соң диқандар соңғы жылдары осы дақылды ерте егіп, нарыққа ерте шығаруды үйренген. Қаңтар айында пленка астына отырғызған орамжапырақ көшеттері қазір жайқалып тұр. 60 күннен кейін пісетін өнімге еуропалықтар мен ресейліктер тарапынан сұраныс көп. Жалпы өңір дихандары биыл 3 мың гектарға қырыққабат еккен. Былтыр карантинге байланысты біраз қиналғандарын айтады. Алайда биыл жақсылықтан үмітті.

Қасым Асанов, диқан:

- Гүл капуста, Пекиндік Чим-чи деген түрін егеміз. Ана жақты түрлі-түлі матамен жауып ектік. Ашықта егеміз. Кезең-кезеңімен шығаратын етіп. Талай жылдан бері осының нанын жеп жатырмыз. Күнімізді көріп жатырмыз, жаман емес. Біз енді базардың сұранысына қарай егеміз. Кейде сәбіз, картоп егеміз.

Биыл Түркістан облысының шаруалары 843 мың гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдарын егуді жоспарланып отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4 жарым мың гектарға аз. Себебі егістікті әртараптандыруға байланысты диқандар көкөніс, бақша, майлы дақылдарының егіс көлемі арттырып, есесіне масақты дақылдардың көлемін қысқартқан. Бұрын тек мақта егетін кәсіпкерлер қазір бақша дақылдарын егуді қолға алған. Сондықтан шаруалар көктемнің әр күнін тиімді пайдалану үшін жанталасып жатыр.    

Әлібек Плалов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы:

- Қазіргі таңда жаздық дақылдардың 28 мың гектары егілді. 12 мың гектарға жаздық арпа, 6 мың гектардан астам жаздық бидай және көкөніс, бақша дақылдары 9 мың гектардан астам жерге орналастырылды.

Облыста ауылшаруашылығын әртараптандыру тиімділігін көрсетті. Мақта мен масақты дақылдың орнына көкөніс, бау-бақша егіп жатқан диқандар өнімділікті арттыру үшін озық технологияны қолданып келеді. Ағымдағы жылы көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге 37 мың тонна жанар-жағармай бөлінген. Қазір агроқұрылымдарға литрі 158-159 теңгеден босатылуда.

Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш, Самат Нағашбекұлы

Хабар 24 телеарнасы