430,99 515.14 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Цой: Қазақстандықтар үшін вакцинаның кең таңдауы болады

  • 563
  • UPD: 17:56, 12.03.2021

Қазақстан «Sputnik V» өндіру технологиясын бірінші алды. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой «аталған вакцинаны дайындау әдісін ең алғаш Беларусь Республикасы алды» деген ақпаратты осылайша жоққа шығарды. Айта кеткен жөн, келесі айдан бастап Қарағанды зауытында 600 мың екпе шығарылады.

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Екпе өндіру технологиясын біз былтыр желтоқсан айында алдық. Біз ноу-хау өндірушіден субстанция алып, оны жетілдіреміз. Бұл үлкен процедура. Ал сәуір айында қазақстандық вакцина шығара бастаймыз.

Сондай-ақ қазақстандықтарда екпе бойынша кең таңдау болады.

Алексей Цойдың айтуынша, қазіргі таңда шамамен 59 мың азамат екпе алды. Бұл қарқын тек үдей түспек. Індет жұқтыру қаупі жоғары мамандарды вакциналау күзге дейін жалғасады. Сондай-ақ әлемдік өндірушілерден де препараттар сатып алу жоспарлануда.

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Вакцина шығарушы әлемдік бренд өкілдерімен де келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Мәселен, «Модерна», «Пфайзер», «АстраЗенека» және «Джонсон әнд Джонсон» компаниялары бар. Жуырда жеткізілім көлемі мен мерзімін нақтылаймыз.

Хабар 24 телеарнасы