Алматы маңында ұшақ құлады

Бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің Нұр-Сұлтан - Алматы бағыныдағы АН-26 әскери ұшағы құлады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Борттағы 6 адамның төртеуі оқиға орнында қаза тауып, 2 адам зардап шекті. Қайғылы оқиға Алматы қаласына Қарасты Қызылту елді мекенінің жанында болған. Қону кезінде сағат 17:20-да ұшақпен байланыс жоғалған. Қазір оқиға орнында төтенше жағдайлар мен жедел жәрдем қызметі құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ұшақтағы өрт сөндірілді. Зардап шеккен екі адам Іле ауданының жақын ауруханаларына жеткізілген.

Алматыдағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың есімдері белгілі болды