Бүгін Ұлыстың ұлы күні

Бүгін барша жұрт асыға күтетін, береке мен бірліктің, ырзық пен молшылықтың мерекесі – әз Наурыз.

Бұл күні 6 ай қыстан аман шыққан ағайынның қауышып, қол алысып, арқа-жарқа болатын шағы.  Күн мен түн теңелетін, тіршілік атаулы шаттықа кенелетін Наурыз есте жоқ ықылым заманнан бері жалғасып келе жатқан төл жаңа жылымыз. Ал 2001 жылдан бері күнтізбеде Наурыз тойы  мемлекеттік мереке ретінде белгіленіп, бар сән-салтанатымен аталып өтеді. Алайда  биыл пандемияға байланысты ду-дүрмек онлайн форматқа ауыстырылды.

Сондай-ақ...