431,93 515.14 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан – Франция матчына жанкүйерлердің кіруіне рұқсат беріле ме?

  • 281
  • UPD: 10:25, 28.03.2021

Бүгін Қазақстан құрама командасы 2022 жылы Катарда өтетін дүниежүзілік доп додасының іріктеу матчтарын бастайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қарсыласымыз – Франция құрамасы. Әлем чемпиондары бірінші турда «Стад де Францта» Украинамен ұпай бөліскен. Сондықтан да бүгінгі ойынға барынша ұқыпты қарайтыны белгілі. Қазақстан да барын салады. Кешегі баспасөз маслихатында жартылай қорғаушы Асқат Тағыберген де, ұлттық құраманың бас бапкері Талғат Байсуфинов та команда ойынға дайын екенін айтты. Қазақстан құрамасының белді ойыншысына баланатын Бактиер Зайнутдиновтың денсаулығы сыр беріп, кездесуден сырт қалатыны мәлім болды. Өзге футболшылар дін аман. Бәрі де алаңға шығуға құлшынып тұр.

Франция құрамасының қақпашысы Льорис пен бас бапкер Дидье Дешам да баспасөз маслихатына келді. Дешам «дәл қазір Н'Голо Кантенің орнына кім шығатыны айта алмаймын» дейді. Жаттығу кезінде байқағанымыз, үш бірдей шабуылшымен өнер көрсетуге ниетті екені байқалды. Киллиан Мбаппенің бабына қатысты біржақты пікір жоқ. Француз жанкүйерлерінің көңілінен шықпаған әлемнің ең қымбат футболшысына тіпті бүгін алаңнан орын табылмауы мүмкін. Оған қарағанда Антони Марсьяль беделді болып тұр. «Манчестер Юнайтед» шабуылшысы негізгі құрамда шығатын секілді. Жалпы Дешам бүгін ойын жүйесіне де әжептәуір өзгеріс енгізуі тиіс. Тіпті үш шабуылшымен ойнайды деген болжам бар. Бәрін ойын көрсетеді. Ал, Қазақстан – Франция арасындағы матч Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 19 00-де басталады. Эпидемиологиялық ахуалға байланысты стадионға көрермендердің кіруіне тыйым салынады.

Хабар 24 телеарнасы