Қазақстанда вакциналаудың электрондық төлқұжаты әзірленді

Елімізде вакциналаудың электрондық төлқұжаты әзірленді.

Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өзінің «Фейсбуктегі» парақшасында жазды. Құжатты EGov Mobile қосымшасының «Цифрлық құжаттар» бөлімінен табуға болады. Онда азаматтың қандай препарат алғаны және қандай мөлшерде, қашан қабылдағаны жазылған. Электронды төлқұжатты QR код арқылы қолдануға мүмкіндік бар. Бағдат Мусин халықаралық әуе көлігі қауымдастығымен ынтымақтастық орнату мәселесі қарастырылып жатқанын да атап өтті.