Қазақстанның басым бөлігінде күн жылынады

6-8 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды.

«Қазақстанның солтүстік бөлігінде Солтүстік-Батыс циклонының әсерінен тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын (негізінен жаңбыр), кей жерлерде көктайғақ болады, батыста найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін», - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Оңтүстік аймақтарда жауын-шашын тоқтайды деп күтілуде. Республиканың кей жерлерінде тұман болып, жел күшеюі мүмкін, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады. Соған қарамастан, еліміздің оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде күн жылы болады.