Мамырда қазақстандықтар неше күн демалады

Мамыр айында қазақстандықтар неше күн демалатыны белгілі болды.

Мерекеге толы бұл айдың екі аптасы демалыспен өтеді екен. Бұл туралы Egov.kz сайтында көрсетілген.

Осылайша көктемнің соңғы айында демалыс пен мереке күндерін қоса есептегенде қазақстандықтар 13 күн демалады.

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай мамырдың 1-3-і аралығында демалыс болады.

Содан кейін 7-сі мен 10-ы аралығында тағы төрт күн демалыс бар.