432,26 519.25 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Президент келесі жолы коронавирусқа қарсы отандық екпені салдыруға ниетті – Б.Уәли

  • 445
  • UPD: 12:49, 08.04.2021
Президент келесі жолы коронавирусқа қарсы отандық екпені салдыруға ниетті – Б.Уәли

Азаматтарымыз әлеуметтік желілерде Мемлекет басшысының бұған дейін қазақстандық вакцина салдырамын деп, бірақ оны күтпей «Спутник V» екпесін алғаны жөнінде сұрақтар қоюда.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.

«Президенттің әрқашан да отандық өнімді қолдайтынын сенімді түрде айта аламын. Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағандыда шығарылған вакцинаны салдырды және біздің ғалымдарға толық сенеді. Қазақстандық вакцина өндірісі іске қосылғаннан кейін Мемлекет басшысы Жамбыл облысына барып, кәсіпорынның жұмысымен арнайы танысуды жоспарлап отыр. Президент келесі жолы коронавирусқа қарсы отандық екпені салдыруға ниетті. Президент коронавирусқа қарсы күресте халықты жаппай вакцинациялаудан басқа балама жоқ екеніне сенімді», - деп жазды Б.Уәли facebook парақшасында.

Қ.Тоқаевтың «Спутник V» вакцинасын салдырғаны хабарланған болатын.

Хабар 24 телеарнасы