Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде аздаған бұлтты ауа райы және ауа температурасының жоғарылауы күтіледі.
«Қазгидромет» РМК 10-12 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады. Кей жерлерде жаңбыр мен сулы қар түріндегі жауын-шашын болады. Кей жерлерде тұман, желдің күшеюі күтіледі, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады.