Қазақстандық вакцина құтыға Түркияда құйылады – Тоғжанов

Коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина құтыға Түркияда құйылатын болды.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты. Оның сөзінше, отандық препарат елімізде жасалса, құтыға Түркияда құйылады. Осыған қатысты екі ел арасында тиісті келісімге қол қойылған. 

«Қазақстандағы зауыт әлі салынбағандықтан, осындай шешім қабылданды», – деді премьер-министрдің орынбасары.

Сондай-ақ ол вакцинаның алғашқы 50 мың данасы Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтында өндірілетінін атап өтті. Дайын препарат сәуірдің 25-і, 27-сі күндері Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент және Ақтөбе қалаларына жеткізіледі деп жоспарланып отыр. 

«Ал мамырда тағы 50 мың доза әкелінбек», – деді Ералы Тоғжанов.