Қазақстанда коронавирус жұқтырудан антирекорд орнады

Қазақстанда коронавирусты жұқтыру бойынша антирекорд орнады. Елде өткен тәулікте 2 мың 734 адамның індет ілмегіне ілінгені белгілі болды.

Бұл пандемия басталғалы тіркелген ең жоғарғы көрсеткіш. Науқастардың дені Алматыда. Мұнда бір күнде 715 тұрғыннан ковид белгілері табылды. Ел астанасында да эпидахуал мәз емес. Өткен тәулікте Нұр-Сұлтанда қауіпті кеселге шалдығудың 548 дерегі тіркелді. Алматы облысында 369, Қарағандыда 171. Ал Ақтөбе аймағында 166 жағдай анықталды.