Коронавирус бойынша ахуал үш есе нашарлады – Цой

Қазақстанда 2021 жылдың сәуір айында коронавирус бойынша ахуал күрделеніп кеткен.

ҚР ДСМ Алексей Цойдың мәліметінше, наурызбен салыстырғанда жағдай үш есе нашарлаған. Бұл туралы министр Үкімет отырысында айтты. 

Цой Қостанай мен Түркістан облыстарынан басқа өңірлердің барлығында коронавирус жұқтырғандар саны артып жатқанын алға тартты. «Соның ішінде 61 процентті Нұр-Сұлтан, Алматы, Алматы облыстары құрайды», – деді ол.

«Осы жылдың сәуір айында эпидемиологиялық жағдай нашарлаған. Сәуірдің 11 күнінде 24 955 адамның ковид жұқтырғанын анықтадық. Күніне 2800 адамның коронавирус жұқтырғаны расталады», – деді министр.

Ковидтен өлім-жітімнің артқаны да байқалады. Ақпанмен салыстырғанда наурыз айында қайтыс болғандар саны 1,4 есе артқан.

«Жасыл аймақта» Қазақстанның екі өңірі ғана қалды