427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекет басшысы «ҚазАвтоЖол» компаниясының Басқарма төрағасын қызметінен босатты

  • 324
  • UPD: 12:22, 16.04.2021

Бүгін Мемлекет басшысы «ҚазАвтоЖол» компаниясының басқарма төрағасы Ұлан Әліповты қызметінен босатты.

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Жазбада Әліповтың жұмысты дұрыс жүргізбегені айтылған. Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке республикалық және жергілікті жолдардың жағдайын жақсарту жөнінде кешенді шаралар қабылдауды тапсырды. Барлық өңірде бюджет қаржысының жұмсалуына, көлік магистральдарінің салынуы мен жөнделуі жіті бақылауға алынбақ. Президент алдағы уақытта аталған мәселені өзінің жеке бақылауында ұстайды, деп жазды Берік Уәли.

Хабар 24 телеарнасы