Қарағанды облысында жойғыш ұшақ апатқа ұшырады

Қарағанды облысында Су-30СМ көпфункционалды жойғыш ұшағы апатқа ұшырады.

Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«16 сәуірде сағат 20:45 шамасында Балқаш қаласының авиациялық оқу-жаттығу орталығында жаттығу ұшуларын орындау кезінде қонуға бет алған Су-30СМ көпфункционалды жойғыш ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ экипажы шығарылды, ұшқыштар аман, медицина қызметкерлерінің қарауында. Қазіргі уақытта оқиғаның себептерін анықтау үшін ұшақ құлаған жерге арнайы комиссия жіберілді», - деп мәлімдеді ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі .