Экс-министр тағы үйқамаққа қамала ма?

Экс-министр Елжан Біртановты мамыр айының соңына дейін үйқамақта ұстау керек.

Прокурорлар соттан бүгін осындай шешім шығаруды сұрады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ әзірге күдікке іліккен шендіге нақты қандай шара қолданылатыны әзірге белгісіз. Сот процесі түстен кейін қайта жалғасады. Сол кезде Елжан Біртановтың бостандыққа шығатыны яки тағы да үйқамақта отыратыны белгілі болмақ. Осы ретте айыпталушының авдвокаттары Біртановты босатуды талап етіп отыр.

«Осы күнге дейін оның кінәсін дәлелдейтін берде-бір айғақ табылмады», - дейді. Есте болса, былтыр жазда Президент пәрменімен Елжан Біртанов қызметінен босатылған. Кейін қараша айында оған қатысты қылмыстық іс қозғалғаны мәлім болды. Ізінше үйқамаққа алынғаны айтылды. Оған «бюджет қаржысын жымқырды» деген айып тағылып отыр.