Е.Біртановтың үйден шығуына рұқсат берілді

Елжан Біртановтың үй қамақта отыру мерзімі 14 мамырға дейін ұзарды.

Бірақ сот күдікке іліккен экс-министрдің сыртқа шығуына және жұмыс істеуіне рұқсат берді. Судья бұл шешімін былай түсіндіреді: Елжан Біртановтың 5 баласы бар. Оның үшеуі – кәмелет жасқа толмағандар. Сондықтан күдікті отбасын асырау үшін жұмыс істеуі керек. Енді айыпталушы таңғы 8-ден кешкі 7-ге дейін сыртта жүре алады. Бір айдан кейін осы іске қатысты сот отырысы тағы өтеді. Ал ол кезде басқа шешім қабылдануы мүмкін. Экс-министр былтыр қараша айында үй қамаққа алынған. Оған бюджет қаржысын жымқырды деген айып тағылып отыр. Кінәсі дәлелденсе, 12 жылға сотталуы мүмкін.