Алматыда күзетшіні атқан күдікті 17-қабаттан секіріп кетті

Алматыда қарауылды атып, одан кейін көпқабатты үйге бекініп алып, полицияға көнбеген күдікті 17 қабаттан секіріп кетті.

Әзірге белгілісі, марқұмның жасы 56-да.

Алматыда қарауылды атып, одан кейін көпқабатты үйге бекініп алып, полицияға көнбеген күдікті 17 қабаттан секіріп кетті. Әзірге белгілісі, марқұмның жасы 56-да. Полиция оған қарсы ешқандай қару қолданылмағанын хабарлады. 

Алматыда түс ауа «Бұхар Жырау Тауэрс» тұрғын үй кешенінде ер адам мен үй қарауылы арасында жанжал шыққан. Дау кіреберісте жарты жылдан бері тұрған диванға байланысты туындаған. Сөйтіп сөзге келген екеудің ұрысы оқ атуға ұласып, үй қарауылы аяғынан жарақат алды. Кейін күдікті пәтерге бекініп алды. Ал зардап шеккен үй қарауылы ауруханаға жеткізілген. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр, дәрігерлердің айтуынша, оның өміріне қауіп жоқ.

Рүстем Әбдірахманов, қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары:

– Күдіктіні ұстау бойынша арнайы операция аяқталды. Күндіз ер адам дау шығарып, «Бұхар жырау» тұрғын үй кешенің күзетшісіне оқ атып жарақаттады. Кейін пәтеріне бекініп алды. Подъезд жаққа 30 рет оқ атты. Полиция қызметкерлері жарақат алған жоқ. Осы блоктың тұрғындары эвакуацияланды.

Тәртіп сақшылары көпқабатты үйді қоршауға алып, күдіктімен бірнеше рет, яғни 6 сағатқа бойы келіссөз жасауға талпынған. Бірақ нәтижесіз. Күдікті терезеге қисынсыз үндеу жазып, іліп қойған.

Салтанат Әзірбек, қалалық полиция департаментінің баспасөз хатшысы:

– Жергілікті тұрғындар түсіністікпен қарасып, шығып кетті. Жасы 56-да. 1963 жылы туылған.

Күдікті ақыр аяғында ол 17-қабаттан секіріп, мерт болды. Ол бұл үйде пәтер жалдап тұрған екен. Оқиғаға байланысты қазір тергеу жүріп жатыр. 

Авторы: Дариға Ташенова

Алматыда белгісіз ер адам көпқабатты үйдің күзетшісіне оқ атты

Алматыдағы атыс: көпқабатты үйді полиция қоршап тұр

Алматы полициясы күзетшіге оқ атқан күдіктімен келіссөздер жүргізуде