Бүгін ел тұрғындарына коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцина салына бастайды

Өңірлерге екпенің 50 мың дозасы жөнелтілуі тиіс еді.

Оның ішінде Нұр-Сұлтан мен Алматыға 6 мың дозадан, Шымкент, Қарағанды қалалары, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарына 4 мың дозадан жеткізілуі керек болатын. «QazVac» препаратының ерекшелігі сол, оны жеткізу процесі күрделі тоңазытқыш қондырғыларын қажет етпейді, әрі вакцинаны 2-8 градус температурада тасымалдауға болады. Вакциналау 21 күн аралықпен екі рет жүргізіледі. Препараттың 50 мың дозасы 25 мың адамды егуге есептелген.

Сондай-ақ...