Алексей Цой «QazVac» вакцинасын қабылдады

Бүгіннен бастап қазақстандықтарға «QazVac» вакцинасы салына бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алғашқылардың бірі болып отандық екпені осыдан бірер минут бұрын ғана Денсаулық сақтау министрі қабылдады. Алексей Цой біздің елде әзірленген вакцинаға қатысты біраз мәліметтермен бөлісті.

Айтып кету керек, қазақстандық препараттың өңірлерге 50 мың дозасы жөнелтілді. Оның ішінде Нұр-Сұлтан мен Алматыға 6 мың дозадан, Шымкент, Қарағанды қалалары, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарына 4 мың дозадан жеткізілуі керек. «QazVac» препаратының ерекшелігі сол, оны жеткізу процесі күрделі тоңазытқыш қондырғыларын қажет етпейді, әрі вакцинаны 2-8 градус температурада тасымалдауға болады. Вакциналау 21 күн аралықпен екі рет жүргізіледі.

Сондай-ақ...