QazVac вакцинасы 96% тиімділігін көрсетті

«QazVac» отандық вакцинасының алғашқы 6 мың дозасы Алматы қаласына жеткізілді. Бірінші болып №4 емханада салынды.

Екі компонентті QazVac вакцинасының тиімділігі клиникалық сынақтардан кейін 96% процентті көрсеткен. Бұл жоғары көрсеткіш.

Денсаулық сақтау министрінің мәліметінше, әрбір жиырмасыншы отандасымыз короновирусқа қарсы вакцина салдырған. Отандық вакцинаның артықшылықтарының бірі сақтау шарттары. Егер «Sputnik V» вакцинасы тоңазытқышта -18 градус температурада сақталса, ал QazVac вакцинасы 2-8 градус температурада сақталады. Бұл препаратты өндірушіден тұтынушыларға жеткізуге өте қолайлы.

Зухра Омарова, қалалық №4 емхананың бас дәрігері:

– Біз бүгінге дейін ресейлік «Спутник V» вакцинасын беc бөлмеде жүргізсек, қазір олардың санын азайттық. Енді келушілерді тіркеу кезінен екі бөліп кіргіземіз. Отандық «QazVac» вакцинасын салуға бөлек бөлме арнадық. Онда екпеге дейінгі және екпеден кейінгі күту залы да оқшауланған.