426,43 517.06 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Хабар 24» YouTube каналына жазылушылар саны 1 млн-ға жетті

  • 352
  • UPD: 15:46, 01.05.2021
«Хабар 24» YouTube каналына жазылушылар саны 1 млн-ға жетті

YouTube видеохостингіндегі «Хабар 24» аккаунтына жазылушылар саны 1 млн-ға жетті, бұл хостингтің «Алтын батырмасына» ие болуға мүмкіндік береді.

«Күміс батырманы» 2019 жылы қоржынына салған «Хабар 24» небәрі 2 жылдың ішінде тұрақты оқырмандар санын миллионға жеткізді. Тек 2020 жылдың өзінде каналға жазылушылар саны орта есеппен 500 000 адамды құрады.

Бүгінгі таңда телеарнаның YouTube каналындағы қаралым саны 487,6 млн-нан асады, бұл 24 млн сағаттан астам уақытты құрайды!

«Хабар 24» өзекті жаңалықтар мен оқиғаларды әлемнің түкпір-түкпіріндегі көрермендерге онлайн және тегін тамашалауға мүмкіндік береді.

YouTube-каналдағы ең танымал видеолар:

1. Жігіттің ішінен сәби денесі анықталды

2. Аральское море возвращается к жизни

3. Оңтүстікқазақстандық балықшы 3 метрлі жайын аулады

4. Пьяный вратарь из Чехии стал звездой Интернета

5. Как заслуживают краповые береты в Казахстане?

6. Әйелдер зейнеткерлікке 50 жастан шығуы мүмкін

7. Скончался самый старый житель планеты

8. С 1 июля базовая пенсия в Казахстане увеличится почти вдвое

9. Мини-завод на дому развернул предприниматель из Туркестана

10. Сад посреди пустыни разбил узбекский фермер

Жалпы «Хабар 24» YouTube арнасы 2012 жылдың 19 шілдесінен бастап жұмыс істеп келеді. Осы уақыт аралығында каналға 300 мыңнан астам видео жүктелді: саясат, экономика, мәдениет және қоғам жаңалықтары, әлемнің бірнеше елінен берілген мыңдаған тікелей эфир, жаңалықтардың толық шығарылымы мен авторлық бағдарламалар. «Хабар 24» телеарнасының эфирінен өткен барлық дүниені YouTube желісіндегі каналдан табуға болады.

Бұған дейін «алтын батырмаға» ие болған Агенттіктің «Хабар SHOW» YouTube каналында қазіргі таңда 2 млн-нан астам оқырман бар.

Ал «EL ARNA» аккаунты «күміс батырмасын» жуырда ғана алды.

Айта кетейік, «Хабар» Агенттігінің барлық YouTube каналында жазылушылар саны 100 мыңнан асады және 2020 жылдың қараша айында Қазақстандағы телеарналар арасында табыс көлемі бойынша көш бастады.

«Хабар 24» YouTube-каналының 2021 жылы ең көп қаралған видеолары:

1. Гигантскую рыбу странного вида нелегально продавали в Алматы

2. Казахстан может превратиться в самый жаркий и засушливый регион на планете

3. Юный чабан из Жамбылской области покоряет TikTok

4. Перестрелка произошла на кыргызско-таджикской границе

5. Түркістанда атыс болды

6. К.Токаев прокомментировал конфликт на кыргызско-таджикской границе

7. Чабан-тиктокер приехал в столицу. Интервью для «Хабар 24»

8. Популярность юного чабана из Жамбылской области набирает обороты

9. Стрельба в Алматы: почти шесть часов продолжается противостояние правоохранителей с вооруженным

10. Девушка-тракторист живёт в Туркестанской области

11. Конфликт на кыргызско-таджикской границе: эвакуированы сотни жителей

Хабар 24 телеарнасы