1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні

Бүгін Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Елімізде 150-ден астам ұлт пен ұлыс бар. Осы күні Республикамызда тұратын өзге ұлт өкілдерін одан әрі біріктіруге арналған мерекелік іс-шаралар өтеді.

Еліміздің барлық өңірінде 1 мамыр тойланады. Мақсаты ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды  насихаттау.