«Ashyq» мобильді қосымшасы App Store-дан жоғалып кетті

Азаматтар «Ashyq-тың» жұмысына шағымданып жатыр.

Айтуларынша, қосымша App Store-дан жоғалып кеткен. Атап өтейік, «Ashyq» карантиндік шектеулер кезінде әзірленді. Ол бизнес нысандарына келген адамдарда вирустың бар-жоғын анықтайтын бағдарлама. Қосымша тек бұған дейін көшіріп алғандардың смартфонында және Androidе-та ғана істеп тұр. «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы бұл ақпаратты растады.