7 мамыр Отан қорғаушы күні

Елімізде 7 мамыр Отан қорғаушы күні ретінде аталып өтіледі. Бұл айтулы дата Қазақстан қарулы күштерінің ресми туған күні болып саналады.

Бейбітшілік сақшыларының, яғни Отан алдында әскери борышын өтеп жүрген жауынгерлер мен теңіз флоттарының бөлімшелерінде қызмет ететіндер, мемлекеттік шекараны және Отанымыздың әуе кеңістігін күзететіндердің барлығына арналған ортақ мереке.

«Хабар 24» телеарнасының ұжымы атынан біз әрбір отандасымызды осынау мерекемен құттықтаймыз! Тәуелсіз еліміздің бейбіт күнінде барлық азаматтарға ашық аспан тілейміз. 

Ақын Жұбан Молдағалиевтің «Мен қазақпын» поэмасында «Мен жігітпін, айқасқа, сынға асықпын, Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың, Жанартаудай жойқынмын жұлқынғанда, Шарықтасам қыран боп шыңға шықтым» деп келетін шумағы бар. Ол Қазақстан жігіттерінің шын бейнесі деп түсінеміз. Мереке құтты болсын.

Сондай-ақ...