427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бүгін – Жеңіс күні

  • 435
  • UPD: 08:05, 09.05.2021
Бүгін – Жеңіс күні

Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғалы 76 жыл өтті.

Сұрапыл соғысқа қазақ жерінен 1 миллион 200 мың жауынгер аттанған. Соның тең жартысы майдан даласында мерт болды. Отты жылдар әлі есте. Ол күндер ұмытылмайды да. Соғыс жарасы жазылған жоқ. Қазір елімізде етігімен қан кешкен 665 ардагер ғана қалған. Тілегі де, тілеуі де бір олардың, аңсағандары бейбітшілік. Қай-қайсысы да тыныштықтың тілекшісі. Өйткені соғыстың не екенін біледі. Кейде қоғам сол майдангерлері қадіріне жетіп жүр ме деген де сұрақ туындайды. Санада жазу бар. «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды». Жүректе қашалған осынау сөзде таудай мағына бар.

Мерекелеріңізбен, майдангер қарт, тың ардагері. Мереке құтты болсын!

Хабар 24 телеарнасы