Қ.Тоқаев Риддер маңындағы өрттен зардап шеккендерге көмек көрсетуді тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне Риддер маңындағы өрттен зардап шеккендерге көмек көрсетуді тапсырды.

Атап айтқанда, оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілсін деді. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді.

Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысында Риддер маңындағы орман өртеніп жатыр. Сондай-ақ, өрт кезінде Лесхоз кентінен 72 және 42 жастағы екі ер адам күйік шалып, жергілікті аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді.

Полиция қызметкерлері төбеден 73 жастағы әйелдің мәйітін тауып алды.