Риддерде төтенше жағдай жарияланды

Еске салайық, қаланың Лесхоз шағын ауданында кеше орман өртенді.

Алапат өрт бүгін ғана ауыздықталды. Өрттің күшті болғаны соншалық, биіктігі 10 -15 метр тоғайлар тұтас жанып, 300 гектардай жерді шарпыған. Тілсіз жаудың ауқымын жергілікті тұрғындар осылай сипаттады. Лаулаған қызыл жалын тіпті шағын аудандағы тұрғын үйлерге тараған. Салдарынан 35 үй мен 9 қосымша құрылыс жанып кетті. Аумақта тұратын 83 адам жатақхана мен туыстарының үйіне орналастырылды. Бір адам мерт болды. Екі адам күйік шалып, ауруханаға жеткізілген. Құтқару жұмыстарына Өскемен қаласы мен Шемонайха, Глубокое аудандарынан полиция тартылған. Ал Нұр-Сұлтан және Павлодар қалаларынан арнайы тікұшақтар жіберілді.