427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде вакцинаның екі компонентін салдырған 44 адам вирус жұқтырған

  • 368
  • UPD: 19:34, 14.05.2021
Елімізде вакцинаның екі компонентін салдырған 44 адам вирус жұқтырған elements.envato.com

Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы директорының орынбасары Манар Смағұл айтты.

Мамандар коронавируспен ауырғаннан кейін жанама әсер ағзада бірнеше жыл сақталуы мүмкін екенін айтады. Себебі әлемдегі ғалымдар вирустан кейінгі жанама әсерлердің 50 жағдайын тіркеді. Ал жаппай жүргізіліп жатқан вакцинация коронавирустан кейін ағзада жанама әсерлердің қалмауына көмектеседі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 індетіне қарсы вакциналар мутациялардың барлық штамдарынан қорғайтынын айтады. Вакцинаны аллергиялар қозған кезде егуге тыйым салынады. Ал маусымдық аллергиялар вакцинаны салуға кедергі келтірмейді. Себебі вакцина құрамында аллергия тудыратын антибиотиктер жоқ. Бүгінгі күні Қазақстанда вакцинаның бірінші компонентімен 1 миллион 790 мың 356 адам егілді. Ал екпенің екінші дозасын 722 мың 504 азамат алған. Қазіргі күні аймақтарда 798 мың дозадан астам вакцина бар. Мамандар қазақстандық вакцинаны егу аралығын ұзарту қарастырылмағандығын да мәлімдеді.

Манар Смағұл, ҚР ДСМ қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының «СЭС және мониторинг ҒПО» филиалы директорының орынбасары:

– Қазақстан вакцинасының арақашықтығының ұзартылуы тек қана ол вакцина өндірушілердің нұсқауымен ғана енгізіледі. Бүгінгі күні бұл сұрақ әлі туындап отырған жоқ. Гамелей институтының Александр Гинцбургтың ресми мәліметі болғаннан кейін, «Спутник V» вакцинасының арақашықтығы ұзартылған. Ал бүгінге күнде қазақстандық вакцинаның 1 және 2-компоненті арасында ол сұрақ қарастырылып отырған жоқ.

Хабар 24 телеарнасы