426,64 518.00 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ә.Айтбаеваның өлімі: күдікке ілінген Мұрат Мейірбеков ұсталды

  • 421
  • UPD: 11:19, 16.05.2021

Мұрат Мейірбеков ұсталды. Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті Әсел Айтбаева ісіне қатысты күдікке ілінген Мұрат Мейірбековтің уақытша ұстау абақтысына қамалғанын хабарлады деп жазады Polisia.kz. 

Оны ұстауға марқұмның ата-анасының шағымы негіз болды. Мейірбековтің үстінен Қылмыстық кодекстің 128 бабы бойынша іс қозғалды. Яғни, адамды саудаға салу.

Еске салайық, қазақстандық Әсел Айтбаева 5 мамырда Тбилисиде түсініксіз жағдайда қайтыс болды. Қыз үйдің 9-қабатының терезесінен құлап кеткен. Оның өліміне қатысы бар деген күдікпен Грузияда ер адам ұсталды. Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Күдіктіге зорлау және адамның ар-намысын кемсіту арқылы өзін өзі өлтіруге дейін жеткізу сияқты айыптар тағылып отыр.

Хабар 24 телеарнасы