Алексей Цой: Қазақстанда коронавирустың таралуы 20%-ке төмендеді

Соңғы екі аптада Қазақстанда коронавирустың таралуы 20%-ке төмендеді.

Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді. Ауруханалардағы орын – 36%, жансақтау бөлімдері 28%-ке толы. Цойдың мәліметтеріне қарағанда, Қазақстан «сары» аймақта. Еліміз бойынша «қызыл» аймақта алты өңір бар. Олар – Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы, Қарағанды, Ақмола, Атырау және Батыс Қазақстан облысы. «Сары» аймақта Қостанай, Ақтөбе, Алматы, Павлодар облыстары мен Шымкент қаласы. «Жасыл» аймақта Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облысы.