Қазақстан қайтадан «қызыл аймаққа» кірді

Өңірлер арасында бұған дейін «сары аймақта» болған Ақтөбе облысы «қызылға» өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы өңірлердегі эпидахуал бойынша: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қаласы мен Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан мен Қарағанды облысы «қызыл аймақта». «Сары аймақта» Алматы, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары бар. «Жасыл аймақта» Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстары қалып отыр.

Еске салайық, кешегі мәлімет бойынша Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша «сары аймақта» болды.