427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекет «7-20-25» пен «Баспана Хитке» ақша бөлуді доғарады

  • 268
  • UPD: 11:14, 20.05.2021

Үкімет тікелей қаржыландырудан кәсіпкерлік субъектілерінің несиелік тәуекелерін кепілдендіру жүйесіне көшпек. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымованың айтуынша, Ұлттық банк мемлекеттік бағдарламалардан шығады.

Яғни Үкімен нарықтық қағидаттарға орын беруді көздеп отыр. Бұл аяқасты қабылданған шешім емес. Ұлттық экономиканы несиелендіруді тоқтатуы 2030 жылға дейінгі ақша-несиелі саясат стратегиясында да айтылған. Экономиканы мемлекеттік қаржыландыру ісі Ұлттық банкке жатпайтын мемлекеттік бюджет немесе даму институты арқылы жүргізілуі керек. Осылайша биыл «Баспана хит», 2022 жылы «7-20-25» бағдарламалары тоқтатылады. Сонымен қатар «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы биыл шегіне жетеді.

Көктемде құрылыс жабдықтарының қымбаттауы қалыпты жағдай, бірақ биылғысы салаға салмақ салып тұр. Мұндайда сапа жайын ұмыта беруге болады. Қазақстан құрылысшылар одағының Президенті Талғат Ерғалиевтің айтуынша, әсіресе мемлекеттік бағдарламаға салынып жатқан үйлердің әлі мүшкіл. Өйткені бірнеше жыл бұрын бекітілген құжаттарға сай құрылыс материалдарының бағасы мүлде басқа болатын. Мердігерлер қайтпек? Арзан жабдықтарды місе тұтады әрине. Мардымсыз ақшаға кәсіби құрылысшыларды да жалдау қиын. Қолы жеткен сапасыз баспана салдарын тұтынушы көреді. Талғат Ерғалиевтің айтуынша, елдегі құрылыс материалдарының 54 проценті отандық өнім. Соған қарамастан кірпіш пен  цемент тапшы.

Талғат Ерғалиев, Қазақстан құрылысшылар одағының төрағасы:

- Биыл былтырғыға қарағанда 80 процентке арматура қымбаттады, 20-25 процентке цемент. Өзіміздің елімізде шығарылатын цементтің өзі қымбаттады 20-25 процентке. Әрине ол аяғында бүкіл құрылысқа әсер береді. Бізде құрылыс мекемелері нарықта елге сатып жатқан мүлікті алушыларға сатқанда бір бағаны белгілейді ғой. Сондықтан құрылысты бастағанда бір баға, құрылысты аяқтауға келгенде басқа баға. Құрылысшыларға жоспарлау өте қиын.

Хабар 24 телеарнасы