ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды

Бүгін ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды.

Оған сәйкес, Ashyq жобасы енгізілетін кәсіпкерлік нысандары қатары артты.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде мынадай кәсіпкерлік нысандарда Ashyq жобасын іске асыру жүзеге асырылады:

  1. йога орталықтарын қоса алғанда, фитнес-клубтары;
  2. спа-орталықтары;
  3. сауналар, бассейндер;
  4. PlayStation клубтарын қоса алғанда, компьютерлік клубтар;
  5. боулинг клубтары;
  6. кинотеатрлар;
  7. театрлар мен филармониялар;
  8. асхана үлгісіндегі нысандар, стрит-фудтарды қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілері, жазғы алаңдар, фуд-корттар, банкет залдары;
  9. облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар;
  10. бильярд клубтары;
  11. концерт залдары;
  12. ерікті қатысушылар;
  13. караоке;
  14. көрмелер;
  15. океанариум;
  16. марафондар;
  17. көрермендер қатысатын спорттық іс-шаралар;
  18. Нұр-Сұлтан қаласының әуежайы;
  19. Алматы қаласының әуежайы;
  20. (2021 жылғы 31 мамырдан бастап) Шымкент және Түркістан қалаларының және (2021 жылғы 7 маусымнан бастап) Ақтау және Қостанай қалаларының әуежайлары;
  21. лотерея клубтары және лотерея сататын өзге де орындар.

    Қаулыда сондай-ақ Ashyq жобасына жаңа қатысушыларды қосу алгоритмі, Ashyq жобасын енгізу және «сары/қызыл» мәртебесі бар келушілерді анықтау кезінде шаралар қабылдау алгоритмі көрсетілген. Сондай-ақ жосықсыз қатысушыларды Ashyq-тан шығару рәсімі сипатталған.

    Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.

     

Сондай-ақ...