425,82 518.00 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсарғаны байқалады

  • 261
  • UPD: 10:38, 01.06.2021
Қазақстанда санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсарғаны байқалады

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халықты вакциналау барысы мен қазіргі жағдай туралы баяндады. Қазақстанда санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсарғаны байқалады. COVID-19 сырқаттану деңгейі 20%, вирустың репродуктивтік индексі 0,86 дейін, инфекциялық төсек-орындардың қамтылуы 28%, реанимациялық төсек-орындар 24% дейін төмендеді.

3 өңір «қызыл аймақта» тұр: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола және Қарағанды облыстары. «Сары аймақта» 6 өңір: Алматы қаласы, Атырау, Павлодар, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары. Қалған 8 өңір «жасыл аймақта».

Бүгінгі таңда 2,1 млн-нан астам адам бірінші компонентті, 1 млн-нан астам адам екінші компонентті алды. Маусым айында бірінші компоненттің 2 млн дозасы мен екінші компоненттің 2 млн дозасы қолжетімді болады.

Үкімет басшысы Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге маусым айында халықты вакциналау қарқынын едәуір арттыруды тапсырды. Денсаулық сақтау министрлігіне Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, «Ashyq» мобильді қосымшасының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, оның қызмет көрсету секторында қолданылуын одан әрі кеңейту бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.

Хабар 24 телеарнасы