Қазақстан «жасыл аймаққа» өтті

Еліміз коронавирус бойынша «жасыл аймаққа» өтті.

Екі күн қатарынан республика облыстары тұрақты эпидемиологиялық ахуалды сақтады. «Қызыл аймақта»: Нұр-Сұлтан қаласы, Қарағанды облысы.

«Сары аймақта»: Алматы қаласы, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстары.

«Жасыл аймақта»: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары тұр. Бұл тұрақты жағдай Қазақстанды «жасыл аймаққа» шығарды.